1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Наурызда ауа райы қандай болады? Синоптиктер жауап берді 01 наурыз 2021, 13:00

"Қазгидромет" синоптиктері Қазақстанда күн қашан жылынатынын айтты. Наурыздың басында жауын-шашын, жел, тұман және көктайғақ болады деп болжанды.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов

"Қазгидромет" синоптиктері Қазақстанда күн қашан жылынатынын айтты. Наурыздың басында жауын-шашын, жел, тұман және көктайғақ болады деп болжанды. Бірақ көктемде еліміздің басым бөлігінде ауаның орташа айлық температурасы нормадан бір градусқа жоғары болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер Қазақстанның көп өңіріне көктем уақытылы келетінін айтты. Олардың айтуынша, наурыздың басында тұрақсыз ауа райы сақталады.

"Еліміздің оңтүстік-шығыс бөлігінде қатты жауын-шашын, желдің күшеюі, тұман және көктайғақ болуы мүмкін. Елдің оңтүстік жартысында жауын-шашын жаңбыр түрінде, солтүстік жартысында жаңбыр мен қар түрінде түседі деп болжанды.

Қазақстан бойынша бірінші онкүндікте ауа температурасында ауытқу байқалады. Еліміздің солтүстік жартысында күндіз ауа температурасы оң мәндерді көрсетеді, оңтүстік жартысында +10...+15 градустан 0...+7 градусқа дейін, елдің батысы мен солтүстік-батысында -3... -10 градустан -1...+6 градусқа дейін", - деді "Қазгидромет" өкілдері.

Бірінші және екінші онкүндікте ауа райына Скандинавия және Сібірдің суық ауа массалары әсер етеді. Түнде термометр бағамы солтүстікте -13...-25 градусқа дейін төмендеуі мүмкін, ал оңтүстік жартысында -5...-15 градус болады.

"Айдың екінші жартысында Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс өңірінде күндізгі ауа температурасы кей күндері +3...+10 градусқа дейін көтеріледі. Елдің оңтүстігінде және батысында +10...+15 градус, үшінші онжылдықта +15...+25 градус болады деп күтіледі", - деп қосты синоптиктер.

Жауын-шашын мөлшері нормадан жоғары, тек елдің оңтүстік-шығысы мен оңтүстік-батысында нормаға сай болады деп болжанды. Жалпы Қазақстанның басым бөлігінде орташа айлық температура нормадан жоғары болады.

"Наурызда Қазақстанның басым бөлігінен циклондар және Иран жылы ауа массалары өтуіне байланысты ауа температурасы жоғары болады. Республиканың басым бөлігінде ауаның орташа айлық температурасы нормадан бір градусқа жоғары, тек солтүстік-батыста нормаға сай болады. Бір ай ішінде циклондар мен антициклондардың жиі өзгеруіне байланысты ауа температурасы құбылмалы болады. Температурадығы айырмашылық 10 градус немесе одан да көп болуы мүмкін", - деп қорытындылады синоптиктер.

Бұған дейін "Қазгидромет" синоптиктері көктемнің алғашқы күндеріндегі Қазақстандағы ауа райы туралы хабарлаған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!