Назарбаев: 2020 жылдан бастап бізде барлығы жақсы болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев: 2020 жылдан бастап бізде барлығы жақсы болады © Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның бұл дағдарыстан 2017 жылы шыға бастайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның бұл дағдарыстан 2017 жылы шыға бастайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз қазір дағдарыс кезінде өмір сүріп жатырмыз. Мен келесі жылдан бастап осы жағдайдан шығамыз деп сенемін. 2017, 18, 19 жылдар... 2020 жылдан бастап барлығы жақсы болады. Біз индустрияландыру бойынша жаңа нысандарды салып жатырмыз. Аграрлық кешендердің мәселесі де көтеріліп жатыр, барлығы жақсы болады. Сондықтан осы бастамамен үкіметтің құрылымын қайта құрдық, жаңа тәжірибелі адамдарды тағайындадық", - деді Президент.

Осыған дейін Мемлекет басшысы басқарушылардың жаңа буынының уақыты келгенін айтқан еді. "Жақында облыстардың, Астана мен Алматы қалалары әкімдерінің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында дағдарыспен күрес жұмысынан экономиканың өсімін ынталандыру бағдарламасына көшу жөніндегі шаралар талқыланды. Бұл қосымша жұмыс орындарын ашуды, атап айтқанда, ауыл шаруашылығында, тұрғын-үй құрылысында және басқа да салаларда халықтың табысын арттыруды көздейді. Осыған байланысты жаңа министрлер кабинеті алдына нақты міндеттер қойылды. Үкімет құрамында жасалған өзгерістер басқарушылардың жаңа буынының, соның қатарында "Болашақ" бағдарламасы түлектерінің де уақыты келгенін көрсетеді", - деді Мемлекет басшысы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети