13 қыркүйек 2016 21:01

Назарбаев: Басқарушылардың жаңа буынының уақыты келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақордада мемлекеттік басқару жүйесіндегі тағайындауларға байланысты БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Президентінің сайтына сілтеме жасап.


Ақордада мемлекеттік басқару жүйесіндегі тағайындауларға байланысты БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Президентінің сайтына сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтегі және бірқатар мемлекеттік органдардағы жаңа тағайындаулар мен құрылымдық өзгерістерге түсініктеме бере отырып, олардың қазіргі сын-қатерлерді лайықты еңсеру қажеттілігінен туындағанын айтты.

"Жақында облыстардың, Астана мен Алматы қалалары әкімдерінің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында дағдарыспен күрес жұмысынан экономиканың өсімін ынталандыру бағдарламасына көшу жөніндегі шаралар талқыланды. Бұл қосымша жұмыс орындарын ашуды, атап айтқанда, ауыл шаруашылығында, тұрғын-үй құрылысында және басқа да салаларда халықтың табысын арттыруды көздейді. Осыған байланысты жаңа министрлер кабинеті алдына нақты міндеттер қойылды. Үкімет құрамында жасалған өзгерістер басқарушылардың жаңа буынының, соның қатарында "Болашақ" бағдарламасы түлектерінің де уақыты келгенін көрсетеді", - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев жасалған өзгерістер халықтың әл-ауқатын арттыруға, экономикалық көрсеткіштерді жақсартуға, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және Қазақстанның қарқынды дамуына бағытталғанын атап өтті.



Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети