05 қазан 2018 12:53

Назарбаев әкімдерге ескерту жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев әкімдерге ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұрсұлтан Назарбаев әкімдерге ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жайлы өмір сүруге не қажет? Қолжетімді баспана сапасын жақсарту. Бүгінде "Нұрлы жер" бағдарламасын сәтті іске асырып келеміз, бұл бағдарлама тұрғын үй құрылысына дем берді: жеке құрылысқа да, жалпы құрылысқа да. Жаңа "7-20-25" ірі әлеуметтік бағдарламасын бастадық, бұл тұрғын үй ипотекасының қолжетімдігін арттырады. Жақсы бағдарлама ма? Жанұяда екі адам жұмыс істесе мұндай ипотеканы алу оп-оңай. 7 пайыздық мөлшерлеме - қалғанымен мемлекет айналысады. Бастапқы жарна үй бағасының 50 пайызы еді, енді 20. Бастапқыда қарызды 10 жылда жабу қажет еді, енді 25. Яғни салыстырып көрсеңіз, жер мен көктей. Бұл қалай жүзеге асады? Тұрғындарға бұл маңызды. Әлі күнге жүзеге аспаған. Президент айтты дейді, бірақ солар қайда? Қазір қанша өтінім бар, кім біледі?", - деп сұрады Президент.

Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев екі мыңнан аса өтінімнің мақұлданғанын айтып жауап қатты. 

"Екі мың ғана мақұлданды ма? Ниеттілер жоқ па әлде жағдай жасалмаған ба? Бағдарлама жарияланды, неге жұмыс істемейді? Банктерге не керек?", - дейді Назарбаев. 

"Жұмыс істемейді, үкімет жұмыс істеп жатқан жоқ, әкімдер жұмыс істемейді! Барлық әкімге айтарым, халықтың жағдайын жасау үшін басқа не керек? Не қажет? Барлығын бердік. Барлық әкімге ескерту айтамын. Бұл қызметтеріңіздің жыл соңындағы бағасы болмақ. 2019 жылы бұл қызметте қалатын-қалмайтындарыңыз осыған байланысты", - деді Президент. 

Мемлекет басшысы мысал ретінде Астананың бұрынғы әкімі Әсет Исекешевті айтты. 

"Ол Астанада жұмыс істеген кезінде жеңілдігі бар ипотекалардың алғашқы жарнасын жергілікті бюджет есебінен ішінара субсидиялауды енгізді. Іс тындырды. Қалай істедің, айтып берші. Бұл мұғалімдерге, полицейлерге, барлығына бастапқы жарнасын субсидиялауға мүмкіндік береді", - деді Елбасы.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети