17 қараша 2015 19:46

Назарбаев Ақордада үкіметтің кеңейтілген жиынын өткізеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің кеңейтілген жиынын өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің кеңейтілген жиынын өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Онлайн-брифинг кезінде Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Дәурен Абаев Назарбаевтың алдағы уақыттағы жұмыс кестесі туралы айтып берді.

"Ертең, 18 қарашада Нұрсұлтан Әбішұлы үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді. Шара кезінде 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен әлемдік экономика дағдарысы кезінде жасалатын жұмыстар қаралады. "100 нақты қадам" - Ұлт жоспары"  мен индустриалдық және инфрақұрылымдық даму бағдарламасын жүзеге асыру мәселелерін талқылау да күтіліп отыр. Жиын кезінде халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобын қолдау және оларға жағдай жасау шараларына ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, жиын барысында инвестиция тарту және жекешелендіру бойынша сұрақтар қаралады", - деді Абаев.

Оның айтуынша, 20 қарашада Астанаға Ауғанстан Ислам Республикасының президенті Мохаммад Ашраф Ғанидің келуі күтіліп отыр. "Әрине, кездесу барысында екі ел басшылары аймақтық қауіпсіздік мәселелерін талқылайды. Сонымен қатар, сауда-экономикалық, білім беру, көлік-логистика саласындағы мәселелер қаралады", - деді Назарбаевтың баспасөз хатшысы.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети