Назарбаев Ақтөбеде болған терактілерді салафизм діни ағымының зұлымдық әрекеті деп атады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Нұрсұлтан Назарбаев. © Тұрар Қазанғапов Нұрсұлтан Назарбаев. © Тұрар Қазанғапов

Назарбаев Ақтөбеде болған терактілерді салафизм дәстүрлі емес діни ағымының зұлымдық әрекеті деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Назарбаев Ақтөбеде болған терактілерді салафизм дәстүрлі емес діни ағымының зұлымдық әрекеті деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Біз мұның салафизм дәстүрлі емес діни ағымының зұлымдық әрекеті екенін білеміз. Республикадағы діни сенім бостандығын қамтамасыз ете отырып, біз сонымен қатар діни ұрандармен бүркеніп, елдегі жағдайды шайқалтқысы келетіндердің барлығына табанды тойтарыс беруіміз керек", - деді мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің барысында.

Жиында Ақтөбеде 5-6 маусым аралығында болған оқиғаларға баға берілді және елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралардың тізімі анықталды. Бас прокурордың, ішкі істер министрінің, ҰҚК төрағасының және Ақтөбе облысы әкімінің баяндамасы тыңдалды.

Қазақстан Президенті Қауіпсіздік кеңесінің және өз атынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Мемлекет тарапынан қаза болғандардың отбасына көмек көрсетілетіні айтылды.

Нұрсұлтан Назарбаев барлық қазақстандықты қылмыскерлерге қатысты қолдау әрекеттері үшін, ұлттық аза тұту күні көрінген бірлігі үшін алғыс айтты. 

Мемлекет басшысы лаңкестерге тиімді қарсылық танытқан полиция, Ұлттық гвардия, арнайы бөлімшелердің қызметкерлеріне алғысын білдірді. 

Қазақстан Президенті болған шабуылдарды мағынасыз әрі зұлымдық әрекет екенін айтты. 

Еске салайық, бүгін ҚР ҰҚК баспасөз қызметі Ақтөбеде бүгін Некрасов көшесінде орналасқан пәтерге басып кіру кезінде іздеуде жүрген қылмыскерлер тобының өлтірілгенін хабарлады. Арнайы операция кезінде бес лаңкестің көзі жойылды.

Соңғы мәліметтер бойынша, бір сыйбайласты қосқанда 18 қылмыскердің көзі жойылды, екеуі іздеуде жүр, тағы бесеуі ұсталды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro