Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Назарбаев Астана күнін тойлауды ресми түрде бастап берді

04 Шілде 2015, 13:24
0
© Tengrinews
© Tengrinews
© Tengrinews
© Tengrinews
© Tengrinews
© Tengrinews

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана күнін тойлауды ресми түрде бастап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елбасы Мемлекеттік туды салтанатты түрде көтеріп, курсанттарға офицерлерлік погон табыстады.

"Елорда күнін тойлауды туды көтерумен бастау дәстүрге айналды. Астана - азаматтардың рухынан туындаған жалпы еңбектің нәтижесі. Олар елдің әр жерінен Қазақстанға және бүкіл әлемге мақтану үшін осында келді. Сондықтан да Елорда күні әрбір қазақстандық үшін, әр отбасы үшін маңызды. Бұл қалада уақыт екі есе жылдам өтіп жатыр. Алдымызда EXPO-2017 атты тағы бір биік мақсат тұр. 150 гектар аумаққа тұрғызылатын құрылыс нысандары қаланы өзгертіп, астаналықтардың өмір сүруіне басқаша жағдай жасайды. Бұл мақсаттар біздің елімізді алға дамытады. Осы мерекені тойлау арқылы біз еңбекқорлықты сезінеміз, халқымыздың жігерін танимыз", - деді Қазақстан Президенті құттықтай отырып.

Мемлекет басшысы офицер погонын табыстай отырып еліміздегі әскери оқу орындарының түлектерін құттықтады. Ол офицер ең әуелі қабілеттілік екенін, содан кейін ғана мамандық екенін айтып өтті.

Биыл Астана 17-ші туған күнін атап өтеді. Қала күні елордада 4-6 шілде аралығында тойланады. Дегенмен, мерекеге арналған шаралар маусым айының соңына қарай басталып кетті. Биыл 70-ке жуық шара өтіледі деп жоспарланып отыр. Олардың көбі ашық аспан астында өтеді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай