Назарбаев Астанадағы жаңа балабақшаға барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Астанадағы жаңа балабақшаға барды © akorda.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жаңадан ашылған "Almaty balabaqshasy" балабақшасына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жаңадан ашылған "Almaty balabaqshasy" балабақшасына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Астана қаласының сол жағалауында орналасқан 240 орындық жаңа балабақшаны аралап көрді. Бұл білім мекемесінде балалар шығармашылығын дамытып, олардың демалысын ұйымдастыру үшін музыка залы мен ойын алаңдары бар.

"Almaty balabaqshasy" балабақшасы 12 топтан тұрады. Әрбір топтың Алматы қаласымен байланысты тақырыптық атаулары бар. Балабақша интерьерінің дизайны Алматының белгілі көшелерімен және даңғылдарымен танысуға, сондай-ақ қала тарихы жөнінде мағлұмат алуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, бүгін, 2 шілдеде Мемлекет басшысы елорданың бірқатар жаңа нысанына барып қайтты. Мұнымен қатар, Президент зымыран-ғарыш техникасы музейінің ашық экспозициясын аралап көрген болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети