20 наурыз 2016 19:14

Назарбаев Ауғанстан президентімен өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін талқылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мохаммад Ашраф Ғани. © REUTERS Мохаммад Ашраф Ғани. © REUTERS

Мемлекет басшысы Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мохаммад Ашраф Ғанимен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мохаммад Ашраф Ғанимен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Телефон арқылы әңгімелесуге ауған жағы бастамашы болды. Мохаммад Ашраф Ғани әңгіме барысында Мемлекет басшысын Наурыз мерекесімен құттықтап, Қазақстан халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестігін білдірді.

Сондай-ақ Ауғанстан басшысы Қазақстан Президентін Парламент Мәжілісінің кезектен тыс сайлауының табысты өтуімен құттықтады. Мемлекеттер басшылары Ауғанстан Президентінің Қазақстанға 2015 жылы қарашадағы алғашқы ресми сапарында қол жеткен уағдаластықтарды жүзеге асыру қажеттігіне тоқталды.

Сонымен қатар, тараптар өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Ауғанстанды қалпына келтіру үшін күш-жігер жұмсауын жалғастыра беретінін айтты. Бұл ретте тараптар көпжақты құрылымдардың, соның ішінде ШЫҰ аясындағы өзара іс-қимылдың деңгейіне қанағаттанушылық білдірді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети