20 шілде 2016 13:59

Назарбаев ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовті қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Нұрсұлтан Назарбаев ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде Асқар Мырзахметов Мемлекет басшысына еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің негізгі даму көрсеткіштері, көктемгі егіс науқанының қорытындылары, сондай-ақ күзгі жиын-терін жұмыстарына дайындық барысы туралы баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев жиын-терін науқанына сапалы дайындалу және өткізу үшін қолайлы жағдай жасау қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін, саланың экспорттық әлеуетін ұлғайтудың және ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуын  арттырудың маңыздылығына тоқталды.

Асқар Мырзахметов биыл ауыл шаруашылығында егіс алқаптары былтырғы деңгеймен салыстырғанда 448 мың гектарға артып, 21,6 миллион гектарға жеткенін мәлімдеді. Жиын-терін жұмыстарына дайындық аясында үкімет тиісті шаралар қабылдады, соның ішінде аграрлық кәсіпорындар жалпы құны 60 миллиард теңгеге несиелендірілді, ауыл шаруашылығы өнімін  өндірушілер үшін жанар-жағармай құнын арзандату мәселесі қамтамасыз етілді.

Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети