02 қыркүйек 2014 14:01

Назарбаев ауыл шаруашылығындағы қаржыны қадағалауды тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews мұрағатынан алынды Фото Tengrinews мұрағатынан алынды

Нұрсұлтан Назарбаев ауыл шаруашылығына бөлінетін қаржының тиімді жұмсалуын қатаң қадағалауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Нұрсұлтан Назарбаев ауыл шаруашылығына бөлінетін қаржының тиімді жұмсалуын қатаң қадағалауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Президент агроөнеркәсіп кешенін дамытудың маңызы ерекше екенін атап өтті. Бүгінде осы салада 7 мыңға жуық ірі агроқұрылым, 184 мың ауыл шаруашылығы тауарөндірушісі жұмыс істейді және агроөнеркәсіптік кешенде 2 миллионға жуық адам жұмыспен қамтылған.

"Тек биылдың өзінде саланы дамытуға 302 миллиард теңге қарастырылған. Оның 40 миллиарды - қайтарымды негізде. Осы салаға жыл сайын мемлекет тарапынан ұсынылатын субсидиялар артып отыр. Өткен жылмен салыстырғанда субсидияның көлемі шамамен екі есеге - 88,7 миллиард теңгеден, 156 миллиард теңгеге өскен. Жыл басынан бері 72,5 млрд теңге сомасындағы несие мен лизинг түріндегі қаржылық қолдауға 6,6 мың аграрлық бизнес субъектілері қол жеткізді. Ұлттық қордан бөлінген 100 млрд теңгенің ішінен қайта өңдеу өндірістері жобасына 25 млрд. теңге бағытталады. Қаржының тиімді жұмсалуына қатаң қадағалау мен есептілік болуы тиіс",- деді Назарбаев. 

"Агроөнеркәсіп кешенінің өнімділігін арттыру үшін Үкімет салық заңнамасына өзгерістер блогын әзірледі. Биылғы күзде аталған заң жобасы Парламент Мәжілісіне енгізілуі тиіс. Сонымен қатар, Үкіметке биылдың соңына дейін "Ауыл шаруашылығы кооперациялары туралы" заң жобасын әзірлеуді тапсырамын", - деді Елбасы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети