25 наурыз 2021 09:17

Назарбаев БАӘ билеушілеріне көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram © instagram

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің қаржы және өнеркәсіп министрі шейх Хамдан бен Рашид Әл Мактумның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. Жеделхат мәтіні Elbasy.kz сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің қаржы және өнеркәсіп министрі шейх Хамдан бен Рашид Әл Мактумның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. Жеделхат мәтіні Elbasy.kz сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елбасы БАӘ президенті шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянға және БАӘ вице-президенті, премьер-министрі, Дубай билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумға шейх Хамдан бен Рашид Әл Мактумның қайтыс болуына байланысты көңіл айтып, жеделхат жолдады.


"Шейх Хамдан бен Рашид Әл Мактумның қайтыс болғаны туралы хабар ауыр қабылдадым.

Осы аза тұту күндері қайғыға ортақтасып, сіздерге және Біріккен Араб Әмірліктерінің барша халқына көңіл айтамын.

Шейх Хамдан бүкіл өмірін халық игілігі үшін қызмет етуге және отандастарының мүдделерін қорғауға арнады. Біріккен Араб Әмірліктері құрылғаннан бері ол жауапты мемлекеттік қызметтерді атқарды. Ол өз Отанының өркендеуіне елеулі үлес қосқан және оның тарихында өшпес із қалдырған көрнекті тұлға болды. Оның жарқын бейнесі адамдардың жадында мәңгі сақталатынына сенімдімін", - делінген жеделхатта.

Шейх Хамдан әл Мактум 24 наурызда 75 жасында қайтыс болды. Ол 1971 жылдың желтоқсанынан бастап БАӘ федерал үкіметінің қаржы және өнеркәсіп министрлігін басқарды. Хамдан әл Мактум - Дубай әмірі шейх Рашид ибн Саид Әл Мактумның екінші үлкен ұлы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети