Нұрсұлтан Назарбаев "Хазрет Сұлтан" мешітінде құлшылық жасап, қазақстандықтарды мереке күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Нұрсұлтан Назарбаев "Хазрет Сұлтан" мешітінде құлшылық жасап, қазақстандықтарды мереке күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қазақстан Президенті мұсылмандардың топтарға, секталарға бөлінбейтінін айтты. Мемлекет басшысының айтуынша нағыз діндар адам ол барлық дінді тең санайтын адам.
"Бүгін күллі әлемнің және Қазақстанның мұсылмандары жарқын мереке - Құрбан айтты мерекелеп жатыр. Баршаңыз білесіздер, 10 жылдан бері Құрбан айт пен Рождество демалыс күндері болып саналады. Бұл - ислам дініне де, христиан дініне де мемлекет қамқорлығының көрінісі", - деді Қазақстан Президенті.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік жылдарында қол жеткен табыстың бәрі еліміздегі бірлік пен тыныштықтың арқасы екенін атап өтті.
"Әлемдегі әрбір дін бізді ынтымаққа, ізгілікке, бір-бірімізді құрметтеуге шақырады. Құранда өзің тоқ болып, көршің аш отырса, сен мұсылман болып саналмайсың делінген. Онда мұсылмандардың ағымға, жікке бөлінбейтіні де айтылған. Нағыз мұсылман - ел-жұртқа, қоғамға, Отанына көмектесетін, барлық дінді бірдей көретін адам", - деді Мемлекет басшысы.
Соңында Қазақстан Президенті баршаны тағы да мерекемен құттықтап, бақ-береке және табыс тіледі.
Құрбан айт - мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі. Ол "ораза айттан" кейін 70 күннен соң басталып, 3 күнге созылады. Бұл күндер Ұлы Меккеге қажылықпен аяқталады. Айт күндері Аллаһқа арнап құрбандық шалады, мал сояды (жылқыдан басқа). Бұл мұсылмандардың негізгі міндеттерінің бірі.