Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Назарбаев баспана құрылысына қаражат бөлуді тапсырды

10 Ақпан 2016, 16:26
0
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Ақордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Президенті қаржылық мүмкіндіктерді, соның ішінде теңгенің айырбас бағамын өзгерту есебінен болған үнемдеуді ескере отырып, бірқатар бағыт бойынша дағдарысқа қарсы қосымша шараларға қаражат бөлу жөнінде шешім қабылданғанына назар аударды.

Саланың одан әрі дамуына қолдау жасау үшін "Нұрлы жол" бағдарламасын 2017 жылы жүзеге асыруға жоспарланған қаражатты 2016 жылға ауыстыру есебінен 360 миллиард теңге бөлу жөнінде тапсырма берілді.

"Осы қаражаттың 53 миллиард теңгесі "Бәйтерек" холдингі желісі арқылы жалға берілетін тұрғын үй құрылысын жалғастыруға, 149 миллиард теңгесі несиелік тұрғын үй құрылысына, соның ішінде 22 миллиард теңге салымшыларды жергілікті атқарушы органдар мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы несиелеуге бағытталады", - деді Президент.

"Бұл жұмыстардың жауапкершілігі осы қызмет жүргізілетін өңірдің әкімдеріне тікелей жүктеледі. Баспана құны әлеуметтік сипатта болуға тиіс екендігіне айрықша назар аударғым келеді", - деді Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстан Президенті бұл шаралар 2016 жылы қосымша 1,5 миллион шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруге және ІЖӨ өсіміне үлес қосуға мүмкіндік беретінін айтты..

"Нұрлы жол" бағдарламасы аясында инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мақсатында 2016 жылы 76 миллиард теңге бөлу де тапсырылды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы 28 миллиард теңгені 42 жаңа мектеп пен апатты жағдайдағы мектептерді қалпына келтіруге жұмсауды тапсырды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай