26 желтоқсан 2016 18:19

Назарбаев Байқоңырдағы Қазақстан-Ресей әріптестігінің ұтымды тұсын атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев Байқоңырдағы Ресей мен Қазақстан арасындағы келісімнің ғарыш саласындағы қарым-қатынасты дамыта алатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.


Нұрсұлтан Назарбаев Байқоңырдағы Ресей мен Қазақстан арасындағы келісімнің ғарыш саласындағы қарым-қатынасты дамыта алатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Біз қазір 8 жылға арналған - 2025 жылға дейінгі жаңа "жол картасын" бекітіп жатырмыз. Жаңа ғарыш зымыраны... бұл алдағы уақытта Байқоңырдағы Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың және басқа да мәселелерді шешуде негізгі ұтымды тұсы болады", - деді Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу барысында.

Екі ел арасында қарым-қатынастың алдағы жоспарына ресейлік тараптан вице-премьер Дмитрий Рогозин қол қойса, қазақстандық тараптан бірінші вице-премьер Асқар Мамин қол қойды. Сондай-ақ, толтырылған хаттамаға "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының бас директоры Игорь Комаров пен Қазақстанның Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов қол қойды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Ресей Федерациясымен әскери-техникалық саладағы қарым-қатынасты дамытуға дайын екенін айтты.

"Біз кеше Петербургтегі дамып жатқан әрі өте маңызды кәсіпорындарға бардық. Осыған байланысты мен әскери-техникалық саладағы қарым-қатынасымызды дамытқымыз келетінін айтып отырмын", - деді Назарбаев.

Сондай-ақ, Президент жақын арада екі елдің көп кездесу өткізу қажет екенін айтты. Маңызды кездесулердің ішінде Қазақстандағы БҰҰ отырысы мен EXPO-2017 бар.

"Кездесулер өтеді, туындаған барлық мәселелерді шешетін боламыз", - деді Қазақстан Президенті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети