21 ақпан 2014 14:39

Назарбаев: бірде-бір банк банкрот болмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев.  Сурет Марат Абилов© Нұрсұлтан Назарбаев. Сурет Марат Абилов©

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев азаматтарды түрлі арандатуларға берілмей, сабыр сақтауға шақырды деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Біздің экономикамыз әлдеқайда мықты, ешқандай апаттық жағдай болған жоқ. Бүгінде елде бірде-бір банк банкрот болмайды. Біз 2009 жылы БТА мен басқа да банктердің құлдырауына жол берген жоқпыз, өйткені онда азаматтарымыздың салымы болды. Мұндайға қазір де жол бермейміз .Тұрғындардың көбінің салымдарының сақталуына кепілдік береміз. Ал банктер төңірегінде дүрлігу туғызған адамдар табылды, енді жауапкершілікке тартылып жатыр. Біздің бәріміз елімізде тыныштық пен тұрақтылық болғанын қалаймыз, бұл - барлық қазақстандықтың міндеті. Біз әрқашан жоспарлағанымыздың бәрін орындадық", - деді Мемлекет басшысы кәсіпкерлікті ынталандыру және қаржы секторын сауықтыру мәселелері жөніндегі кеңес барысында. Айта кету керек, Ұлттық банк теңге бағамына түзету енгізгеннен кейін ел ішінде кейбір банктердің банкрот болатыны туралы хабар тараған еді. Кейін Ұлттық банк мұндай хабарлардың жалған екенін мәлімдеді, ал Бас прокуратура арандатушыларды ұстады. Бүгінгі кеңес барысында Нұрсұлтан Назарбаев елдегі экономикалық ахуалды дамыту үшін 1 триллион теңге бөлу туралы шешім қабылданғанын айтты. "Қаржыландырудың сыртқы көздері бізге аса қолжетімді емес, бөлінетін несиелер тым қымбат. Банк жүйесінің ішкі ресурстары шектеулі, өйткені отандық банктер дағдарыстан енді-енді шығып жатыр. Соған байланысты экономиканы, әсіресе, шағын және орта бизнесті қолдау, индустриализация мен инфрақұрылымдың жобаларды іске асыруды жалғастыру үшін Ұлттық қордан 1 триллион теңге көлемінде қомақты қаржы бөлуге шешім шығарылды. Ол жаңа жұмыс орындары мен азаматтардың жалақысын қамтамасыз етеді, жалпы алғанда, өмір сүру деңгейін жақсартуға мүмкіндік жасайды", - деді Елбасы. Қазақстан Президенті 2008-2009 жылдардағы әлемдік қаржы-экономикалық дағдарысы кезінде Ұлттық қордың маңызды роль атқарғанын атап өтті. Ол кезде де отандық экономиканы қолдау үшін қордан айтарлықтай көп қаржы бөлінген еді. "Сөйтіп, Қазақстан экономикасы құтқарылып, бүкіл әлемдегі сияқты зейнетақының, жалақының төмендеуіне жол берілмеді. Еуропаның көптеген елінің әлі күнге дейін жалақының, зейнетақы мен басқа да төлемдердің азаюы сияқты жағымсыз салдарларды көріп отырғанын білесіздер. Бүгінгі шешіміміз біздің Ұлттық қор құру жөніндегі қадамымыздың дұрыс болғанын растайды. Әлемдік дағдарыстың жалғасып жатқанын ескерсек, мемлекеттің әлі де болуы мүмкін қиын жағдайларға арналған артық қоры болуы керек", - деді Президент. Елбасы бөлінген қаржының, негізінен, өңдеу өнеркәсібі саласын дамытуға бағытталатынын айтты. Сонымен бірге, экспортқа сапалы өнім шығару жөніндегі жобаларға да көңіл бөлінеді. Қаражатты бөлу мәселесімен айналысатын арнайы комиссия құрылмақ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети