18 сәуір 2014 18:08

Назарбаев: Бірлікті сақтау - әрбір қазақстандықтың міндеті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©tengrinews.kz ©tengrinews.kz

Қазақстан халқы Ассамблеясының бүгінгі XXI сессиясын қорытындылаған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұлтаралық келісімді дамыту ісінде тек Президентке ғана сеніп отыра беруге болмайтынын жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан халқы Ассамблеясының бүгінгі XXI сессиясын қорытындылаған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұлтаралық келісімді дамыту ісінде тек Президентке ғана сеніп отыра беруге болмайтынын жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өз сөзінде Президент тынбай еңбек ету мәселесін тағы бір мәрте көтеріп, Оңтүстік Корея халқын мысал ретінде келтірді. Бүгінде ол жерде көмір сияқты қазба байлықтары да жоқ. Соған қарамастан, кәрістер тәулігіне ең көп уақыт жұмыс істеп, соның арқасында өз экономикасын жетекші елдердің қатарына қосты. "Ал оның барлығын іске асыру үшін бізге Ассамблея керек. Ассамблея алдағы 1 мамыр - ұлтаралық келісім мейрамы қарсаңында жай әшейін кездесу өткізу үшін емес. Мәселен, қазір бізде Қазақстан халқы Ассамблеясының қалалық және аймақтық бөлімшелері бар. Олардың барлығы Ассамблея төрағасының мен, Қазақстан Республикасының Президенті екенін жақсы біледі. Ал облыс әкімінің жергілікті бөлімшелерді басқаратынын білмейді. Бұл нені көрсетеді? Демек, бұл мәселеге дұрыс көңіл бөлінбейді. Біз Ассамблеяны тек ұлттық би мен фольклорды көрсету үшін ғана құрған жоқпыз ғой. Әрине, ол да керек. Алайда Ассамблеяның көпұлтты еліміздің ұлтаралық келісімін кеңінен насихаттауы маңызды. Бұл - біздің басты артықшылығымыз", - деп атап көрсетті Назарбаев. 

Президенттің айтуынша, бүгінде Қазақстанда ұлтаралық келісімнің өзгеше бір үлгісі қалыптасты. Оны шетелге шыққан адам жақсы түсінеді. Ол жақта ұлттардың барлығы бірдей болып кеткен. Ал Қазақстанда әрбір ұлттың өзіндік ерекшелігі сақталып отыр. "Оның барлығы біздің генімізде жатыр. Оның тарихы терең. Сонау Шыңғысханнан бастап, Ұлы Отан соғысы кезінде халықтарды жаппай көшіруге дейінгі кезең бізді бүгінгідей халық болып қалыптастырды. Қазақстанда бәрі бар. Жер байлығы, білімді адамдар, жұмыс - бәрі-бәрі. Соның арқасында біраз жетістікке жетуге болады. Ол үшін бірлік керек. Ол үшін тұрақтылық пен тыныштық қажет. Оның барлығын көздің қарашығындай сақтауымыз тиіс. Жалғыз Назарбаев емес, әрбір қазақстандық азамат осыған үлес қосуы қажет", - деді Президент. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети