23 қараша 2016 14:09

Назарбаев БҰҰ-ның жаңа Бас хатшысымен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы лауазымына тағайындалған Антониу Гутерришпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 


Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы лауазымына тағайындалған Антониу Гутерришпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев А. Гутерришті БҰҰ-ның Бас хатшысы қызметіне сайлануымен құттықтады.

Кездесу барысында тараптар біздің республиканың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүшелігі аясындағы Қазақстан мен БҰҰ арасындағы табысты ынтымақтастықтың жалғаса беретініне сенім білдірді.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев А.Гутерриштің әлемде қалыптасқан қазіргі уақыттағы күрделі геосаяси жағдайда қызмет атқаруына тура келетінін айтты.

"Бас хатшы лауазымындағы ауқымды жұмысыңыз барысында Қазақстанның қолдауына толық сенім арта аруыңызға болады", - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті еліміз бен БҰҰ арасында сенімді және сындарлы қарым-қатынас орнағанына тоқталып өтті.

А. Гутерриш БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары лауазымында қызмет атқарған кезінде көрсеткен ілтипаты үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтып, өзара тиімді іс-қимыл одан әрі жалғаса  береді деп үміттенетінін жеткізді.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев А. Гутерришті Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети