Назарбаев: Біз көңіл толқытарлық сәтке таяп қалдық

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© akorda.kz © akorda.kz

Мемлекет басшысының төрағалығымен "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесін өткізу мәселелері жөнінде кеңес өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысының төрағалығымен "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесін өткізу мәселелері жөнінде кеңес өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кеңеске Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков, Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Владимир Жұмақанов, Бас прокурор Жақып Асанов, Мемлекеттік күзет қызметінің директоры Амантай Күреңбеков, Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов, Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов, "Сырбар" сыртқы барлау қызметінің директоры Ғабит Байжанов, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев, "Астана ЭКСПО-2017» ҰК" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Самаш Әбіш қатысты.

Басқосуда "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесін өткізудің жалпы тәртібі және оны өткізу кезінде елорда тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Мемлекет басшысы алдағы іс-шараны дайындау және оны сапалы өткізу үшін ауқымды жұмыстар атқарылғанын атап өтті.    

"Біз көңіл толқытарлық сәтке көрменің ашылуына таяп қалдық. Қазақстанның астанасына келетін қонақтар саны көп болады. Бүгінде "ЭКСПО-2017" көрмесіне 1,2 миллион билет сатылған екен. Бұл біз күткендегіден әлдеқайда көп", - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі жағдайдың тұрақсыз екенін ескере отырып, көрмені өткізу кезінде қонақтар мен ел азаматтарының қауіпсіздігін Астанада ғана емес, барлық өңірімізде де жоғары деңгейде қамтамасыз ету маңызды екенін атап өтті. Бұл үшін әр басшыға жеке жауапкершілік жүктеледі.   

Мемлекет басшысы кеңес қорытындысы бойынша бірқатар тапсырма берді.       

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer