27 сәуір 2015 | 15:31

Назарбаев дауыс беру нәтижесі мен сайлаушылардың рекордтық саны жайында: Мен ештеңе істей алмадым

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев. © Тұрар Қазанғапов Нұрсұлтан Назарбаев. © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президентіне өткен сайлаудағы жоғары цифрлар үшін шетелдік байқаушылар алдында кешірім сұрауына тура келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президентіне өткен сайлаудағы жоғары цифрлар үшін шетелдік байқаушылар алдында кешірім сұрауына тура келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз ашық қоғамда өмір сүріп жатырмыз, сын міндетті түрде болады. Жаңа сіздердің алдарыңызда ғана көптеген елден келген байқаушылармен - конгрессмендермен, депутаттармен кездесіп, бөгеліп қалдым. Олар да жақсы жақтарын айтып жатыр. Мен айттым, кешірім өтінем, супердемократиялық мемлекеттер үшін мұндай цифрлар қолайсыз - 95 пайыз сайлаушының 97-ден аса пайызы маған дауыс берді. Бірақ мен ештеңе істей алмадым, егер мен аралассам демократиялық емес болар едім", - деді Назарбаев Ақордадағы баспасөз мәслихаты барысында.

Еске сала кетейік, 26 сәуірде елімізде Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауы өтті. Қазақстандықтардың 95 пайызы сайлауда дауыс берді. Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметі бойынша, Нұрсұлтан Назарбаевқа сайлаушылардың 97,7 пайызы дауыс берді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети