03 ақпан 2021 18:37

Назарбаев: Денсаулық сақтау - ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elbasy.kz Фото:elbasy.kz

Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев денсаулық сақтауға ұлттық қауіпсіздік пен әлеуметтік тұрақтылықтың негізгі құрамдас бөлігі ретінде қарау керегін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев денсаулық сақтауға ұлттық қауіпсіздік пен әлеуметтік тұрақтылықтың негізгі құрамдас бөлігі ретінде қарау керегін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тұңғыш Президент Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді, онда Қазақстанның 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық қауіпсіздік стратегиясындағы негізгі тәсілдер, сондай-ақ Қарулы күштерді қайта қаруландыру және әскери-өнеркәсіп кешенін дамыту жоспарлары қарастырылды.

Нұрсұлтан Назарбаев биологиялық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерге қарсы тұру дайындығы ұзақ уақыт бойы күн тәртібінде қала беретініне назар аударды, өйткені жұқпалы және басқа аурулар бүкіләлемдік проблемаға айналды. Осыған байланысты биологиялық қауіпсіздік пен халықтың денсаулығын сақтау саласындағы негізгі қатерлерді бейтараптандыру бойынша тиімді шаралар әзірлеудің маңызы атап өтілді.

"Денсаулық сақтауға ұлттық қауіпсіздік пен әлеуметтік тұрақтылықтың негізгі құрамдас бөлігі ретінде қарау қажет. Пандемия жағдайында әлеуметтік-экономикалық шығындардан қаша алмаймыз. Бірінші кезекте бұл азаматтардың табысының төмендеуі, аймақтар, салалар, қалалар мен ауылдар арасындағы теңсіздік артуы. Халықтың әлеуметтік осал топтарын жан-жақты қолдау маңызды", - деді Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы.

Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев нағыз қауіп не екенін айтқан болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети