03 ақпан 2021 18:06

Назарбаев нағыз қауіп не екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elbasy.kz Фото:elbasy.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді. Кеңес төрағасы Қазақстан үшін "нағыз қауіп" не екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.


Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді. Кеңес төрағасы Қазақстан үшін "нағыз қауіп" не екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Отырысын басында Назарбаев бүгінде Қазақстан басқа елдермен бірге қауіпсіздік ортасында сапалы өзгерістер кезеңіне аяқ басқанын айтты.

"Біз мемлекет және біртұтас ұлт ретінде бетбұрыс кезеңіне жеттік. Коронавирус пандемиясы екі кезеңге бөліп отыр. Бұл алдағы онжылдыққа бәріне өз әсерін тигізеді. Ұлттық қауіпсіздікке келетін сын-қатерлер қазірдің өзінде өзгеріп, жаңа асимметриялық және гибридтік қатерлер пайда болып жатыр", - деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев экономикалық қауіпсіздікті, киберқауіпсіздікті, ақпараттық қауіпсіздікті және адам капиталы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударды.

"Нағыз қауіп - минералды-шикізат ресурстар бағасының төмендеуі емес, ұлттың интеллектуал  сапасының төмендеу қаупі. Бұл бірінші кезекте білімге қатысты. Мұнда біз дамыған елдерден әлі де артта қалып келеміз. Білім алдағы онжылдықтағы ұлттық идеямыз болуы қажет", - деді Елбасы

Отырыс қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың жауынгерлік дайындық деңгейін арттыруға, аумақтық қорғаныс күштерін нығайтуға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети