Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Назарбаев дирижер Шамғон Қажығалиевтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

03 Мамыр 2015, 18:00
0

Нұрсұлтан Назарбаев КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Шамғон Қажығалиевтің қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Жеделхатта Елбасы қазақ өнерінің аса көрнекті өкілі, барша халқымыздың мақтанышы болған Шамғон Қажығалиевтің дүние салуына байланысты көңіл айтты.

"Шамғон Сағаддинұлы халқымыздың арасынан шыққан алғашқы кәсіби дирижерлердің бірі, домбырашы, педагог ретінде өнеріміздің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. Өзі басқарған Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік халық аспаптары оркестрін әлемге танытып, талантты шәкірттердің бірнеше буынын тәрбиеледі. Ол ұлттық бай мұрамыз бен классикалық шығармаларды насихаттауға аса зор еңбек сіңірді", - делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев соңына мол мұра қалдырған Шамғон Қажығалиевтің жарқын бейнесі халқымыздың жадында мәңгі сақталатынын атап өтті.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай