13 шілде 2015 17:48

Назарбаев "ЭКСПО-2017" нысандарының құрылысының кешігіп жатқанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

EXPO құрылыс алаңы. ©Тұрар Қазанғапов EXPO құрылыс алаңы. ©Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесінің дайындығы барысына арнайы жиналыс өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Мемлекет басшысы "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесінің дайындығы барысына арнайы жиналыс өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Назарбаев жиналысқа қатысушыларға қарата халықаралық көрменің дайындығы мен өткізілу сапасының бүкіл Қазақстан үшін маңызы бар екенін атап өтті.

"Бұл Қазақстанды, еліміздің мүмкіндіктерін бүкіл әлемге көрсетуге мүмкіндік беретін басты жоба. Құрылыс мәселелерімен қатар, басқа салаларда да мерзімінен кешігу байқалып отыр. Мысалы, арнайы комиссардың барына қарамастан, әлі де көрмеге қанша мемлекеттің қатысатыны белгісіз.Біздің көрмеден кейінгі уақытта өткізетін елдер болса белсенді ақпараттық жұмыс жүргізіп жатыр, бізде болса тым-тырыс. Келушілерге қандай жағдайдың жасалатыны туралы, көрменің табысының қандай болатыны жайлы, қанша демеушінің тартылып жатқаны туралы, қанша ішкі және шетел туристерінің болатыны жайлы, қандай мәдени іс-шаралардың өтетіні жайлы нақты түсінік жоқ", - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев шешімін қажет ететін бірқатар мәселеге назар аударды.

Нақтырақ айтсақ, Мемлекет басшысы көрме нысандарының құрылысының бекітілген кесте бойынша жүретінін және 2016 жылдың тамыз-қыркүйек айларында бітетінін атап өтті.

"Оның үстіне техникалық мәндегі проблемалар бар: келіспеушілік, мәселелерді шешудің созылуы, жұмысты әлсіз ұйымдастыру. Бүгінде кесте мерзімінен қалудың негізгі себебі жобалауды басқарудың жоқтығы. Негізгі құжаттаманың бөлімдерін жасау жапсарлас ұйымдарға үлестірілген. Көрме айналасындағы жер ресурстары тиімсіз пайдаланылып жатыр. Сонымен қатар, нысандардың құрылысына шамадан тыс баға қойылып отыр, өз кезегінде бұл қаражат жымқыруға алып келді. Бөлек аспект - қаржыландырумен қамтамасыз ету. Біздің елдің экспорттық тауарларының арзандауының негізінде бюджет қажетті қаражатты жеткілікті түрде алып отырған жоқ. Осыған байланысты "ЭКСПО" көрмесіне де, Универсиадаға да қатаң экономиканы қолдануға тура келеді", - деді жиын барысында Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті көрмені сәтті өткізудің оның тақырыбын толық ашуға, көптеген елдердің қатысуына, келушілерді тартуға, жаһандық серіктестер және демеушілермен лайықты жұмысқа байланысты екенін айтты.

"Осы орайда көрмені сәтті өткізген елдердің тәжірибесін зерттеу керек: 1998 жылы Португалияның Лиссабонында өткен көрме, 2010 жылы Қытайдың Шанхайында өткен көрме. Бұл елдерде ұйымдастырушылар барлық ұйымдастыру жұмыстарын нысандарды көрмеден кейін пайдаланумен және олардың жалпықалалық жүйеге интеграциялауын қосқанда сапалы жұмыс істеді. Сонымен бірге, испанның Сарагосадағы, оңтүстіккореялық Ёсудегі көрмелерінің жұмысының сапасыздығының себебін білу керек, себебі сондай қателікті біз де жібермеуіміз керек", - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев бүгінге дейін 30 ғана елдің қатысатынын растағанына назар аударды және оның бесеуінің ғана коммисарын анықтағанын атады. Алайда көрмеге қатысуға бір де бір келісімшартқа қол қойылмаған. 

"Барлығыңызға мемлекеттік бюджеттің құрылу механизмдері белгілі. Егер біз шақырып отырған қатысушылар тиісті қаражатты төлемесе, 2017 жылы олар төлей алмайды. Соған сәйкес, олардың келісімдерін алдын ала алып алу керек, олар өздерінің жылдық жоспарына осыны қосуы керек", - деді Қазақстан Президенті.

Осыған байланысты Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрлігіне комиссарлармен бірігіп, "ЭКСПО-2017" көрмесіне қатысушы елдердің ресми растауын алу бойынша жұмысты ұйымдастыруды тапсырды. Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешовке, энергетика министрі Владимир Школьникке, "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясына қатысушы елдердің тарапымен олардың павильондары, тақырыптық толтыру, тақырыптардың ашылуына жағдай жасау мәселерін қарастыруға, тапсырма берілді, себебі олар келушілерді тарту үшін барынша көп қаражат қосуы тиіс. 

Қазақстан Президенті ерекше назарды альтернив технологияны қолдану саласында 20 маңызды елге аудару керектігін атап өтті. Сонымен қатар, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін Қазақстанда жұмыс істейтін ірі халықаралық компаниялардың мүмкіндігін көрме аясында пайдалану қажет.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети