Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Назарбаев ЕҚЫҰ-ның баламасын Азияда құруды ұсынды

21 Мамыр 2014, 11:43
0
©tengrinews.kz
©tengrinews.kz
©kharkovforum.com
©kharkovforum.com

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің IV саммитінде сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев аталған кеңестің негізінде Азиядағы қауіпсіздік және даму ұйымын құруды ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

"Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің негізінде тиімді әрі мықты Азиядағы қауіпсіздік және даму ұйымын құру қажет. Оның қысқаша аты - АҚДҰ. Ол Киевтегі төңкеріс пен Украинадағы қантөгісті тоқтата алмаған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бәсекелесі болуы тиіс", - деді Н.Назарбаев.

Айта кетейік, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесін құру туралы бастаманы Назарбаевтың өзі алғаш рет 1992 жылы көтерген болатын. Сол кезде аймақтағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің нақты тетігі болмаған. Бүгінде аталған ұйымға 20 мемлекет кіреді. Қазіргі төраға - Түркия. Биыл төрағалық Қытайға көшеді.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай