Назарбаев ІІ Елизаветаға көңіл айту жеделхатын жолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев ІІ Елизаветаға көңіл айту жеделхатын жолдады Фото ©Тұрар Қазанғапов

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ханзада Филипптің қайтыс болуына байланысты Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Патшайымы ІІ Елизаветаға көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.


Нұрсұлтан Назарбаев Ханзада Филипптің өмірден өткені туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады.

"Ол жарқын әрі мағыналы ғұмыр кешті. Сіздің сенімді тірегіңіз болып, ел мүддесі жолында нағыз патриот және халықаралық деңгейдегі біртуар қайраткер ретінде тарихи із қалдырды.

Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіне сапарларым барысында Өзіңізбен және Ханзада Филиппен болған кездесулерде марқұмның Қазақстанға деген ілтипатты көңілі мен игі ниетін әрдайым сезетінмін.

Сіздің және туыстарыңыздың қайғысына ортақпын.

Осынау азалы сағатта, Ұлы Мәртебелі, Сізге, отбасыңызға, бүкіл Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің халқына сабыр тілеп, көңіл айтамын", - делінген жеделхатта.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +24
Астана +20
Ақтау +31
Ақтөбе +28
Атырау +30
Б
Балқаш +29
Ж
Жезқазған +19
Қ
Қарағанды +25
К
Көкшетау +25
Қ
Қостанай +32
Қызылорда +18
П
Павлодар +26
Петропавл +20
С
Семей +24
Т
Талдықорған +29
Тараз +31
Түркістан +25
О
Орал +17
Ө
Өскемен +27
Ш
Шымкент +27

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер