31 қазан 2020 12:57

Назарбаев Ердоғанға жеделхат жолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еlbasy.kz сайтына сілтеме жасап.


Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еlbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Елбасы Түркияның Измир провинциясында жер сілкінісі салдарынан тұрғындардың зардап шегіп, қаза болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады.

"Қайғыларыңызға ортақтасып, марқұм болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ бүкіл Түркия халқына көңіл айтамын.

Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігімді білдіре отырып, бауырлас түрік халқының осы ауыртпалықты сабырмен еңсеретініне сенімдімін", - делінген жеделхатта.

Қазақстанның Түркиядағы елшілігі қазақстандықтарға үндеу жасады

Еске салайық, кеше Измирде жойқын жер сілкінісі болды. Соңғы мәліметтер бойынша, Түркияда 12 адам қаза тауып, 522 адам жарақат алған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети