Назарбаев: Ескі үйлерді бұзып, жерді бизнеске беру керек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев: Ескі үйлерді бұзып, жерді бизнеске беру керек © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ескі үйлерді бұзып, жерді бизнеске беруді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ескі үйлерді бұзып, жерді бизнеске беруді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз қолжетімді баспана жайлы айтып отырмыз, оны адамдарға пайдалануға беру үшін салып жатырмыз. Бірақ адамдар әлі күнге дейін ескі үйлерде тұрып жатыр, ал жаңа үйлерді жалға береді - ақша табу үшін. Бұл дұрыс та шығар... Бірақ бізге ескі үйлерді бұзу керек", - деді Президент.

Оның айтуынша, бұл мәселеге мемлекеттік-жеке серіктестікті араластыру керек.

"Мысалы, төрт қабатты ескі үйлер тұр, олардың салынғанына 60-70 жыл болды. Ескі үйлерді бұзып, жерді бизнеске беру керек. Бұл тиімді ғой. Бизнеске ұтымды болады. (...) Мұнымен қоса, бұл жақсы тұрғын үйлерге көшуге мүмкіндік береді", - деді Мемлекет басшысы.

Осыған дейін Назарбаев кеңейтілген отырыс барысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың баяндамасын тыңдап, өзіндік сынның жоқтығы жайлы айтқан еді. "Жақсы баяндадың, бірақ сын көзбен қарау керек", - деген еді Президент Сағынтаевқа.

Айта кетейік, кеңейтілген отырыс үкімет ғимаратында өтіп жатыр.

Назарбаев отырыстың жоспары мен баяндамалардың кезегі жайлы айтып, премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа сөз берді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети