04 маусым 2015 14:21

Назарбаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президентімен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі аясында Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабартимен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі аясында Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабартимен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу барысында кеңес қызметінің негізгі бағыттары, оның жұмысын жетілдіру жолдары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары талқыланды. Сонымен қатар, Қазақстан экономикасындағы ауыл шаруашылығы саласын қоса қамтитын түрлі секторларды дамытуға банктің қатысу мәселелері қаралды.

Қазақстан Президенті Еуропалық қайта құру және даму банкі еліміздің стратегиялық серіктесі екенін атап көрсетті.

"Біз негізгі бағдарламаларды жүзеге асыру аясында бірқатар халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтасып отырмыз. ЕҚДБ біздің елімізде шағын және орта бизнесті дамыту, инфрақұрылым, индустрия және инновацияларды қоса қамтитын түрлі бағыттарда жұмыс жүргізеді. Атап айтқанда, Сіздің банктің қолдауымен ауқымды "Нұрлы жол" инфрақұрылымдық бағдарламасы жүзеге асырылуда, осыған байланысты ризашылығымды білдіргім келеді", - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, кездесу барысында Чакрабарти Қазақстанның инфрақұрылымдық даму жолындағы бағдарының маңыздылығын атап өтіп, ынтымақтастық бұдан әрі де жемісті болады деп үміттенетінін жеткізді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети