21 тамыз 2018 11:59

Назарбаев Хазірет Сұлтан мешітіне барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Хазірет Сұлтан мешітіне барып, қазақстандықтарды Құрбан айт мейрамымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Хазірет Сұлтан мешітіне барып, қазақстандықтарды Құрбан айт мейрамымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстанның барлық мұсылман қауымын мейраммен құттықтаймын. Барлық тілегіміз орындалсын. Меніңше, біздің барлығымыздың тілегіміз бір: еліміздің және халқымыздың амандығы, - деді Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға.

Мемлекет басшысы осы күні барлық қазақстандықтың игі істер жасап, құрбандық шалатынын айтып өтті. Президенттің айтуынша, қазақстандықтар Құрбан айт мейрамы кезінде мұқтаж адамдарға немесе егде жастағы кісілерге көмек көрсете алады.

"Құрбан айт - исламды жақсылықтың, жасампаздық пен үйлесімдіктің діні екенін паш етіп, күллі мұсылман қауымын бейбітшілік пен татулыққа, өзара түсіністікке шақыратын қасиетті мейрам.

Сондай-ақ, ол - діни мереке ғана емес, барша адамзатты бір-біріне көмек қолын созуға үндеп, бауырмалдыққа баулитын үлкен рухани құндылық", - деген еді осыған дейін Назарбаев құттықтауында.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети