1. Басты
  2. Біл
  3. Ел жаңалықтары

Назарбаев II Елизаветамен кездесті

  • 2
© Akorda.kz © Akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Патшайымы II Елизаветамен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Елбасы кездесу барысында Патшайымға Біріккен Корольдікке сапарының қорытындылары туралы әңгімелей отырып, екі жақтың арасында көптеген келісімдердің жасалғанын ризашылықпен атап өтті. Қазақстан Президенті еліміздің сыртқы саясатында британдық вектордың маңызы жоғары екенін, оған елдеріміздің арасындағы жоғары деңгейдегі байланыстар ғана емес, іскер топтардың, академиялық қоғамдастықтардың, сондай-ақ екі мемлекет ведомстволарының арасындағы мықты серіктестік байланыстар да айғақ болатынын айтты.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан Қазақстан экономикасын жаңғырту жөніндегі реформаларға және осы үдерісте британдық капиталдың атқара алатын роліне тоқталды.

ІІ Елизавета патшайым да өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаевтың Лондонға ресми сапарының қорытындыларына жоғары баға беріп, оның нәтижелері екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға және Қазақстан мен Біріккен Корольдік халықтарының өркендеуіне қызмет ететініне сенім білдірді.