Назарбаев Ильхам Әлиев пен Серж Саргсянды Таулы Қарабақтағы ахуалды ушықтырмауға шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Ильхам Әлиев пен Серж Саргсянды Таулы Қарабақтағы ахуалды ушықтырмауға шақырды © Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен және Армения Республикасының Президенті Серж Саргсянмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен және Армения Республикасының Президенті Серж Саргсянмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Әзербайжан және Армения басшыларымен телефон арқылы жеке-жеке сөйлесті.

Екі елдің көшбасшыларымен әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев Таулы Қарабақ аймағында таяуда болған оқиға барысында қарапайым адамдар мен әскери қызметішлердің қаза болуына байланысты көңіл айтты.

"Қазақстан Президенті екі ел басшыларын Таулы Қарабақтағы ахуалды ушықтырмауға және бейбіт келіссөздерді халықаралық құқыққа толық сәйкестікте қайта қалпына келтіруге шақырды. Бұл ретте ЕҚЫҰ-ның Минск тобына айрықша роль беріледі", - делінген елбасының сайтында.

Сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар мәселелері талқыланды. 

Ал осыған дейін Назарбаев пен Путин Таулы Қарабақтағы жағдайды телефон арқылы талқылаған болатын. Мемлекеттер басшылары Таулы Қарабақтағы жағдайға қатысты пікірлерін айтып, оны бейбіт түрде шешу жолдарын талқылады. Путин ресейлік тараптың жағдайды түзеу мақсатында жасап жатқан аралық қадамдары жайлы құлағдар еткен еді.

Айта кетейік, 1 сәуірден бастап Қарабақ қақтығысының аймағында атыстар басталған еді. Әзірбайжан мен Армения бір-бірін тату бітімді бұзды деп айыптады.

Қазақстан СІМ Таулы Карабақ аумағындағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасан болатын. "Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Таулы Карабаққа қатысты жағдайды мұқият бақылауда. Жанжал аумағында оқ атуды тоқтату тәртібінің бұзылуына және адамдардың қаза болуына қатты алаңдаушылық білдіреміз. Тараптарды ұстамдылық танытуға және оқ атуды тоқтату туралы уағдаластықтарды қатаң ұстануға шақырамыз", - делінген министрлік өкілдерінің мәлімдемесінде.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети