22 желтоқсан 2016 09:25

Назарбаев Иран президентімен кездеседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев пен Хасан Роухани © Иран президентінің баспасөз қызметі Нұрсұлтан Назарбаев пен Хасан Роухани © Иран президентінің баспасөз қызметі

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Иран президенті Астанада келіссөздер жүргізеді, - деп хабарлайды РИА Новости Иран елшілігіне сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Иран президенті Астанада келіссөздер жүргізеді, - деп хабарлайды РИА Новости Иран елшілігіне сілтеме жасап.

Елшіліктегілердің мәліметінше, мемлекет басшыларының 22 желтоқсанға жоспарланған кездесуі күннің бірінші жартысында өтеді. Сондай-ақ, Иран президентінің Астанаға сапары аясында Қазақстан-Иран іскерлік кеңесінің отырысы өтеді. Отырыста екі елдің инвестициялық жобалары мен Қазақстан мен Иран арасындағы сауда мәселелері талқыланады.

Басылымның мәліметінше, жақында abctv.kz порталында Иранның Қазақстандағы елшісі Моджтаб Дамирчилудің сұхбаты жарияланды. Елші басылымға берген сұхбатында Иран президенті Хасан Роуханидің Орталық Азия елдеріне сапары аясында Қазақстанға да келетінін айтып өтті.


Моджтаб Дамирчилу. © abctv.kz

Мәмілегердің пікірінше, Қазақстан мен Иран екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамыту үшін бұдан да белсендірек бола алады. Сонымен қатар, Моджтаб Дамирчилу Иран президентінің Қазақстанға сапары аясында экономика, инвестиция, кеден, мәдениет және туризм салаларындағы бірнеше құжатқа қол қоятынын айтты.

Айта кетейік, биыл қазан айында Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Иранның ірі аймақтық нарық екенін және Қазақстанның Иран арқылы қазақстандық өнімдерді өткізе алатынын айтқан болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети