22 желтоқсан 2016 | 13:44

Назарбаев Иран президентімен "ядролық санкцияларды" алып тастау мәселесін талқылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Ираннан "ядролық санкцияларды" алып тастау Қазақстан мен Иран елдері арасындағы қарым-қатынасты жақсартып, Каспий маңы елдеріне жақсы жағынан ықпал етеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Иран президенті Хасан Руханимен екіжақты кездесу барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Ираннан "ядролық санкцияларды" алып тастау Қазақстан мен Иран елдері арасындағы қарым-қатынасты жақсартып, Каспий маңы елдеріне жақсы жағынан ықпал етеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Иран президенті Хасан Руханимен екіжақты кездесу барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Сіздің ядролық мәселелерді шешуде атқарған еңбегіңізді біз, Қазақстан халқы өте жоғары бағалаймыз. Сіз осы мәселе бойынша көп жұмыс атқардыңыз. Әлем елдері де сіздің еңбегіңізді жоғары бағалады. Сізді осы жетістіктеріңізбен құттықтаймын. Ираннан "ядролық санкциялардың" алып тасталғанына бір жыл болды. Осы уақыт ішінде Иран экономикасы үлкен жетістіктерге жетті. Бұл Қазақстан мен Иран елдері арасындағы қарым-қатынасқа жақсы әсерін тигізді. Біз Иранның жүргізіп жатқан саясаты Каспий маңында орналасқан барлық елге жақсы жағынан ықпал етеді деп ойлаймыз", - деді Нұрсұлтан Назарбаев Иран президентіне.

"Мен сіздің бүгінгі сапарыңызды биыл Тегеранда жүргізген келіссөздеріміздің жалғасы деп ойлаймын. Меніңше, бұл кездесулер жақсы нәтиже береді. Сапарлар барысында сомасы 1 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімшарттарға қол қойылды. Бұл жұмыстар әлі де жалғасып жатыр. Олардың көбісі жүзеге асырылып жатыр, әрине, бұл мені қуантады. Бірақ алда күтіп тұрған жұмыстарға тағы да күш салу керек. Мен сізді Қазақстанда көргеніме қуаныштымын. Біз және сіздің делегация көтерген мәселелерді шешуге дайынбыз", - деді Қазақстан Президенті.

Өз кезегінде Иран президенті Хасан Рухани Мемлекет басшысын және қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады.

"Біз екі ел арасындағы қарым-қатынасты барлық салада дамытпақшымыз. Осыдан бірнеше күн бұрын Тегеранда Үкіметаралық комиссияның соңғы отырысы өтті. Бұл отырыс сіз Тегеранға келіп-кеткеннен кейін болды. (...) Мен сізге Иран мен Қазақстан елдері жеткен жетістіктер үшін алғыс айтқым келеді", - деді Хасан Рухани.

Сондай-ақ, Иран президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа халықаралық аренада және халықаралық ұйымдарда Иранның бейбіт бастамаларына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

"Осы сапарыңызда біз екі ел арасында қарым-қатынастың дамуына бөгет болатын кейбір кедергілерді жоямыз деп сенеміз", - деді Хасан Рухани.

Сонымен қатар, Иран президентінің Астанаға сапары аясында Қазақстан-Иран іскерлік кеңесінің отырысы өтетіні айтылады. Отырыста екі елдің инвестициялық жобалары мен Қазақстан мен Иран арасындағы сауда мәселелері талқыланады.

Еске сала кетейік, осыған дейін Назарбаевтың Иран президентімен кездесетіні хабарланған болатын. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети