10 желтоқсан 2016 18:54

Назарбаев жаңа "Астана Балет" театрының ашылуына орай бір актілі балет премьерасын тамашалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astanaballet.com © astanaballet.com

Нұрсұлтан Назарбаев жаңа "Астана Балет" театрының ашылуына орай бір актілі балет премьерасын тамашалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Нұрсұлтан Назарбаев жаңа "Астана Балет" театрының ашылуына орай бір актілі балет премьерасын тамашалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Астана Балет" театрының хореографиялық ұжымы Бразилия хореографы Рикардо Амарантенің классикалық музыкамен әрленген "Diversity" балетінің премьералық көрсетілімін ұсынды.

Қазақ ұлттық хореография академиясы кешенінің құрамына кіретін жаңа театр әлемдік үздік үлгілерге сай келеді және балет, опера, драма сияқты кез келген шығармашылық ұжымды қабылдай алады.

Сахнаның техникалық өлшемдері түрлі жанрдағы және стилистикалық бағыттағы спектакльдер қоюға, концерттер, мюзиклдер және сан алуан арнаулы эффект қолданылатын шоулар өткізуге мүмкіндік береді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети