Назарбаев жеке басқа табыну туралы сұраққа жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев жеке басқа табыну туралы сұраққа жауап берді Нұрсұлтан Назарбаев пен Оливер Стоун

Оливер Стоун "Qazaq. История Золотого человека" жобасындағы сұхбат аясында Нұрсұлтан Назарбаевтан жеке басқа табыну туралы сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оливер Стоун "Qazaq. История Золотого человека" жобасындағы сұхбат аясында Нұрсұлтан Назарбаевтан жеке басқа табыну туралы сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті өмірінде Назарбаев Университетке ғана өз атын беруге келісім бергенін айтты. Бұл, оның айтуынша, үкімет назарын білім мекемесіне аударып, жастарды тарту үшін жасалған. 

"Менің ойымша, бұл посткеңестік елдер ішінде ең үздік университет, - деп пікір білдірді Нұрсұлтан Назарбаев. - Қазір ректоры Дүниежүзілік банктің бұрынғы вице-президенті Шигео Катсу".  

Елбасы Қазақстандағы атын беруге қатысты басқа бастамалар туралы өз атын көшеге, мектептерге және өзге де нысандарға беруге қарсылығын бірнеше рет айтқанын еске салды. 

"Президент болғанымда, бұл сақталатын. Қала атауын өзгертуге келсек, бұл бұрыннан көтеріліп келе жатқан мәселе. Бұл қала (...) тақыр далада кейінгі 20 жылда салынды. Ештеңе болған жоқ. Сіздің атыңызды бермегенде кімдікін береміз, әрбір тасына қолыңыз тиді деп сұрағандар болды", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Режиссер Оливер Стоун Нұр-Сұлтан ҚР Тұңғыш Президентінің ең үлкен туындысы болғанын топшылады. 

"Ел де... тәрбиеленіп шыққан жаңа буын да", - деп қосты Назарбаев.

2012 жылы Ермұхамет Ертісбаев (Президент кеңесшісі болғанда) "Қазақстанда жеке басқа табыну жоғын, ал Назарбаевтың абыройы халқының алдында шын мәнінде асқақ" екенін айтқан еді.

"Мәңгіге қал деді" - Назарбаев президенттіктен кеткені туралы

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети