06 шілде 2021 22:52

"Мәңгіге қал деді" - Назарбаев президенттіктен кеткені туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Нұрсұлтан Назарбаев © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Оливер Стоунның "Qazaq. История Золотого человека" атты сегіз сағаттық деректі фильмінде президент қызметінен кеткені туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Оливер Стоунның "Qazaq. История Золотого человека" атты сегіз сағаттық деректі фильмінде президент қызметінен кеткені туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ли Куан Ю (Сингапурдың бірінші премьер-министрі) өте қатал көшбасшы болды. Ол кеткеніне қарамастан, билікте болды, кулисада. Сіз туралы да осылай айтылып жүр. Шын мәнінде сізді қазір де ұлттық қауіпсіздікті, қорғанысты және экономиканы басқарады дейді", - деп сұрақ қойды Оливер Стоун Елбасына.

"Неге бұл туралы айтып жатыр... Бұл халыққа жақсы я жаман деп неге айтпайды? Бұл тұрақтылыққа, дамуға және абыройға ықпал етсе. Неге болмау керек?" - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

"Неге әр ел өз стилін, өз жүйесін таңдай алмайды? Меніңше, ең бастысы, халқымның маған не айтқаны. Танымалдықтың шыңында кеттім. 2015 жылы сайлауда 95 пайыз дауыс жинадым. Әрине, бұл біздің уақытта әжептәуір көрсеткіш, мүмкін емес. Бірақ мені мәңгіге президент қызметінде қалдыру мәселесі қаралды. Мен, әрине, бұған қарсы болдым".

"Толықтай кеткім келген. Маған "мәңгіге қал" деді. Қалмаймын, сайлау өткізейік, мен Қауіпсіздік Кеңесінде қалуға, саяси партияда қалып, осы арқылы елдің даму процесіне қатысуға әзірлігімді айттым. Олар келісті. Конституциялық заң қабылдады. Парламентіміз, Конституциямыз, заңдарымыз. Осы заңдар бойынша қызметімді жасап отырмын".

"Елді жаңа Президент басқарып отыр. Араласпаймын. Кедергі болмаймын. Керісінше, кеңесші ретінде қажетіне қарай көмектесемін. Билік Президентте. Оның құзыреті Конституцияда жазылған".

2019 жылдың қазанында Назарбаев "Қазақстанда тұрақтылық болмауын мақсат тұтқандар қасақана қауесет тарататынын (қос билік туралы)" айтқан еді. 

Еске салайық, 2019 жылдың 19 наурызында Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтатқан мәлімдеген еді. Елбасы бұл шешіміне өкінбейтінін айтқан. "Дұрыс істедім деп есептеймін. Халық үшін, Қазақстан үшін", - деген еді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети