20 сәуір 2015 16:32

Назарбаев Қарасай ауданының тарихи-өлкетану музейіне барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев. © РИА Новости Нұрсұлтан Назарбаев. © РИА Новости

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысы Қарасай ауданының тарихи-өлкетану музейінде болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысы Қарасай ауданының тарихи-өлкетану музейінде болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы музей экспозицияларын аралап көрді. Айта кетейік, музей қорында 2 мыңнан астам жәдігерлік зат бар, соның 900 данасы негізгі қорға, 1000-нан астамы қосалқы қорға жатады. Сондай-ақ Президент сыныптастарымен кездесу өткізді.

Осыдан кейін Мемлекет басшысы Алматы облысының Жамбыл ауданына барды. Назарбаев ол жерде Ұзынағаш ауылындағы Қарасай батыр ескерткішіне гүл шоғын қойды, сондай-ақ Жамбыл ауылындағы Жамбыл Жабаев кесенесіне барып, ескерткішін көрді. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев ауыл тұрғындарымен әңгімелесіп, мемлекет халық тұрмысын жақсарту үшін қажетті жағдайлар жасау арқылы ауылды дамытуға зор көңіл бөліп отырғанын атап өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының "Ауылым – алтын бесiгiм" форумына қатысқаны хабарлаған болатын. Ол жерде Президент бұл өңірдің белсенді дамып келе жатқанын, облыста жаңа жобалар іске қосылып, жол құрылысына, мектеп пен ауруханаға қаржы бөлініп жатқанын айтты. Былтыр облыста 27 денсаулық сақтау нысаны салынған. Назарбаев жастарға әрқашан ерекше назар аударатынын атап өтті. Ол қазіргі заман жастарының кем дегенде үш тілді білуі керегін айтты - қазақ, орыс және ағылшын тілі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети