Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Назарбаев "Қазақфильм" киностудиясына барды

11 Тамыз 2015, 12:47
5
© Akorda.kz
© Akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті киностудия қызметімен, оның жаңа жобаларымен және киноөндіріс үдерісімен танысты. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ "Қазақ Елі" сериалының түсірілім алаңын көріп, шығармашылық топпен әңгімелесті.Сонымен қатар Мемлекет басшысы тәуелсіз Қазақстанның пайда болуы туралы баяндайтын, жұмыс барысындағы бастапқы атауы "Так сложились звезды" деп аталатын фильм түсірілімі жүріп жатқан алаңда болды.

Еске сала кетейік, қазір "Қазақфильм" аумағында режиссер Рүстем Әбрірашевтің "Қазақ хандығы" тарихи картинасының түсірілім жұмыстарына дайындың кезеңі өтіп жатыр. Осыған дейін хабарланғандай, түсірілім жұмыстары шілдеде басталуы керек болған, дегенмен бюджеттің аздығынан сценарийшілер сюжетті қысқартып, костюм мен декорацияға ақша үнемдеуге мәжбүр болды. Кейін спорт және мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы фильмнің түсірілім жұмыстарынақосымша қаражат іздейтінін мәлімдеді.

 

Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (5)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай