Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Назарбаев Қазақстан мен әлем үшін жаһандық сынақтар таяп келе жатқанын сезеді

11 Қараша 2014, 13:30
0
©Тұрар Қазанғапов
©Тұрар Қазанғапов

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен әлемге жаһандық сынақтар таяп келе жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Нұр Отан" партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысынан.

"Мен өзімнің үлкен тәжірибеме қарап, алдағы жылдары әлемде және біз үшін де жаһандық сынақтар болатынын күні бұрын сеземін. Әлемнің архитектурасы өзгеретін болады. Бұл күрделі кезеңнен мемлекеттердің бәрі бірдей лайықты түрде өте алмайды, бұл шептен тек мықты, біріккен халықтар мен елдер ғана өте алады", - деп мәлімдеді Президент. 

Мемлекет басшысы Жолауды не себепті күні бұрын арнап отырғанын түсіндірді. "Құрметті отандастар! 2007 жылы әлемдік дағдарыс басталды, сын-қатерлер әлі күнге дейін бар және бұл дағдарыс жалғасып келе жатыр. Ресей мен Батыс арасында санкциялық саясат бар. Таяу Шығыста болып жатқан оқиғалар да Қазақстанға белгілі бір дәрежеде ықпал етеді. Біз халықтың сенімін ақтау үшін шараларды қолға алып, одан басымыз бүтін күйде шығуымыз керек. Таяу жылдары еліміз үшін аса оңай болмайын деп тұр, сол себепті өз Жолдауымды, жаңа жылдан бастап нені қолға алу керектігін күні бұрын арнауды жөн көрдім. Соған уақыт беру үшін мен жылдың соңында Жолдауымды арнап отырмын", - деді ол.

Назарбаевтың айтуынша, Қазақстан әлемдік экономиканың бір бөлігі - геосаяси шиеленіс эпицентріне жақын орналасқан ел ретінде әлемдегі процестердің жағымсыз әсерін бастан өткеріп отыр. "Біз не болып жатқанын көріп отырмыз. әлемдік нарықтарда баға құлдырап жатыр, тұтастай алғанда, экономикалық өсім баяулап қалды. Халықаралық валюта қорының әлемдік экономика дамуының 2014 жылға және содан кейінгі екі жылға арналған болжамдарын төмендеуге қарай қайта қарағаны белгілі. Бұл да бізге әсер ететін болады. Сондықтан кейбір ұстанымдарды жедел қайта қарау керек және алдағы кезеңге арналған жоспарларға түзету енгізген жөн. Бізде арқаны кеңге салуға уақыт жоқ. Біз айтып отырған шараларды 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асыру керек, біз келеңсіз үрдістердің алдын алу үшін барлық шараны қолға алып, бізге мұның зияны тимейді деп есептейтін халықтың үмітін ақтауымыз қажет. Бізде мұндай тәжірибе бар", - деді ол. 

Бұған дейін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алда тұрған инфрақұрылымдың дамудың ауқымды бағдарламасы туралы айтқан болатын. Ол Астанадан елдің барлық өңіріне апаратын сапалы автокөлік жолдарын салу қажеттігін мәлімдеген еді. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай