09 мамыр 2018 12:51

Назарбаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Павел Михеев © Павел Михеев

Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы 28 гвардияшыл- панфиловшылар саябағындағы Мәңгілік алауға гүл шоғын қойып, қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы 28 гвардияшыл- панфиловшылар саябағындағы Мәңгілік алауға гүл шоғын қойып, қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Президенті өзінің құттықтауында майданға аттанған 1,8 миллион адамның сол күйі қайта оралмағанын айтып өтті.

"Құрметті отандастар, алматылық ағайын, ардагерлер және біздің қонақтарымыз! Бүгін 1945 жылы аяқталған Ұлы Жеңістің 73 жылдық мерекесі. Ең алдымен бұл ардагерлеріміздің мерекесі. Сұрапыл соғыстың ішінен аман-есен шығып, жауды жеңіп, бізге бейбітшілік пен тыныштық сыйлады. Сондықтан да біз ардагерлерді қадір тұтып, Қазақстанның әр жерінде, әр түкпірінде қошемет жасап, басымызды иеміз. Біздің Қазақстанымыз бір миллион 800 мың адамды майданға аттандырды. Оның жартысы келмей қалды. Сұрапыл соғыста ерлік көрсеткен 500 мың азаматымызға "Кеңес одағының батыры" деген атақ берілді", - деді Президент.

"Менің буыным, менен кейін өсіп келе жатқан інілерім өздерін қалай десе де бақытты деп санауға болады. Егер де ойлап қарасақ, тек біздің буын соғыссыз өмір сүріп келе жатыр. Біз ғана бейбіт өмір сүріп келе жатырмыз. Оның барлығы ардагерлердің арқасы. Сіздерге мың да бір рақмет. Жасай беріңіздер. Араламызда бола беріңіздер!", - деді Нұрсұлтан Назарбаев ардагерлерге.


© akorda.kz

Айта кетейік, бүгін қазақстандықтар Жеңіс күнін тойлап жатыр. Еліміздің барлық өңірінде Ұлы Отан Соғысы ардагерлерінің қатысуымен түрлі мерекелік іс-шаралар өткізіліп жатыр.

Ресми мәліметтерге қарағанда, бүгінде республикада 2 067 Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектері (1494 Ұлы Отан соғысы қатысушылары,573 Ұлы Отан соғысы мүгедектері), 39 723 оларға теңестірілген адамдар (22 649 ҰОС қатысушыларына теңестірілгендер, 17 074 ҰОС мүгедектеріне теңестірілгендер), 166 700 Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген басқа санаттағы тұлғалар (оның ішінде 140 606 тыл еңбеккерлері) тұрып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети