Назарбаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астанада Наурызға арналған мюзиклға қатысқан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Астанада Наурызға арналған мюзиклға қатысқан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Барша қазақстандықты шуақты мейрам Наурызбен құттықтаймын. Бұл көктемнің, жаңарудың, гүлденудің мерекесі. Бұл мейрамды қуана күтеміз. Күн мен түн теңеледі, қыс аяқталып, көктем мен жаз басталады, бүкіл табиғат жаңарады. Атам заманнан бері біздің халық бұл мерекелерді күткен, біріне бірі қонаққа барған, бар өкпені ұмытқан, ағаш отырғызған, үйінің, ауылының маңын тазалаған, жинастырып, жазға, жаңаруға және Жаңа жылға дайындалған", - деді Президент журналистер алдында сөз сөйлеп.

"Осы жылдардың барлығында біз Қазақстанның әлемдегі абыройы мен даму мәселелерін шешіп келеміз, халық мұның барлығын біледі, қазір біздің алдымызда үлкен міндеттер тұр. Әлем өте жылдам өзгереді, индустрия өзгереді, технология өзгереді, өмір өзгереді. Біздің міндетіміз дамыған 30 елдің қатарына кіру, ең бастысы халықтың өмірі. Сол үшін де мен жақында бес бастаманы жарияладым: баспанамен қамту, екіншісі, салықтан босату, жастарымызға қамқор болу, білім беру, жаңа гранттар, жатақханалар құрылысы, Қазақстанды газбен қамту. (...) Мен барша қазақстандыққа береке, бақыт, бірлік, сәттілік және гүлденуді тілегім келеді", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Конгресс-орталықта сахналанған жоғары технологиялық музыкалық хореографиялық этно-модерн қойылым "Жаңарған жер, бақ қонған нұрлы ел" деп аталды.

Қойылым үш бөліктен тұрды. Ондағы басты кейіпкер Наурыз болды, сонымен қатар, Данышпан және алтын қыран бар. Данышпан Наурыз есімді ұл балаға батасын беріп, алыс сапарға аттандырады: "Саған ерекше міндет артылған, сен сынақтан өтіп, қара күштердің адамдардан ұрлап алған: жылулық, нұр, махаббат, төзімділік және адалдық сынды қасиеттерін босатуға, сөйтіп, халықтың бақыты мен берекесінің құпиясын ашуға тиіссің".

Айта кетейік, негізгі шаралар EXPO маңында ұйымдастырылады. Наурызда Қазақстанда ауа райының қандай болатыны жайлы мына жерден оқыңыз.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 510.51  course up  572.36  course up  6.34  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer