НАУРЫЗДЫ ТОЙЛАУ. 19 НАУРЫЗ

Назарбаев Көлгіновті қалай мақтады?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі басқарушылар жайлы айта отырып, қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан әкімі қызметіндегі Алтай Көлгіновті мақтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі басқарушылар жайлы айта отырып, қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан әкімі қызметіндегі Алтай Көлгіновті мақтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Болашақ" ассоциациясының потенциалы көп, онда 10 мыңнан аса адам бар. Бұл мемлекет шетелге жіберген адамдардың саны. Қазіргі таңда 60 мың жас қазақстандық Қазақстан аумағынан тыс жерде оқып жатыр. Ресейдің өзінде 16 мың қазақстандық жүр. Олар шетелден оралып, осында жұмыс істейді", - деді Тұңғыш Президент Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында.

"Бір кездері біз "Болашақ" түлектерін еліміздің барлық облысына жібердік - аудан әкімдерінің орынбасарлары қызметіне. Неге бұл жұмыстар тоқтап қалды? Мысал ретінде Алтай Көлгіновті алайық. Сол кезде біз оны әдейі облысқа жібердік, енді міне жақсы қызметте, мансабы өсті. Осындай түлектеріміз көп. Олардың жұмысты жақсы атқарып жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан жастарға қатысты осы мәселені "Жас Отанның" келесі жылы көктемде өтетін съезінде талқылауды ұсынамын", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, Алтай Көлгінов "Болашақ" бағдарламасы бойынша Ұлыбританияда оқып қайтқан. Түрлі жылдары Орал, Батыс Қазақстан облысы әкімі қызметтерін атқарды. Ал биыл маусым айында Нұр-Сұлтан әкімі қызметіне тағайындалды.

Елбасы Сапарбаевты мақтады

Бүгін елордада Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Шараға Тұңғыш Президент - партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, премьер-министр Асқар Мамин, партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Парламент депутаттары мен саяси бюро мүшелері қатысып жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 500.67  course up  546.52  course up  6.04  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer