13 маусым 2019 10:46

Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алтай Көлгінов Алтай Көлгінов

Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Алтай Сейдірұлы Көлгінов 1978 жылы дүниеге келген. Ол А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, "Болашақ" бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі. 2000 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде қызмет еткен.

2001-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі және Бас прокуратура органдарында әр түрлі лауазымда қызмет атқарады. Ал 2008-2010 жылдары - "АлашМедиаГрупп" ЖШС бас директорының орынбасары болған. 

2010-2012 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарса, 2012-2013 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары және 2013-2016 жылдары Орал қаласының әкімі қызметінде болды. 

2016-2019 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімі болды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети