13 наурыз 2018 15:08

Назарбаев Кореяның Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының спикері Чон Се Гюнмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының спикері Чон Се Гюнмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу барысында Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастың дамып келе жатқанын және оны әрі қарай нығайтуға мүдделі екенін атап өтті.

"Қазақстан Корея Республикасымен жақсы қарым-қатынас орнатқан. Елдеріміз арасындағы тауар айналымының көлемі екі миллиард долларға жуықтады. Сіздердің тауарларыңыздың біздің елге Ляньюньган порты арқылы келіп жатқаны қуантады, онда біздің логистикалық терминалымыз бар. Қазақстан Кореямен жаңа және цифрлық технология, индустрияландыру, медицина және басқа да салаларда ынтымақтастық орнатуға ниетті", - деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы парламентаралық қарым-қатынастарды нығайтудың және оларды дамытудың маңыздылығына назар аударды.

Чон Се Гюн кездесуге және екіжақты қатынастар мәселесін талқылауға мүмкіндік бергені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді.

Ұлттық Ассамблея спикері Астананың қарқынды дамып келе жатқанын айтып, Қазақстанда өткен жаһандық іс-шаралар - Халықаралық "ЭКСПО-2017" мамандандырылған көрмесі мен Дүниежүзілік XXVIII қысқы универсиадаға жоғары баға берді.

Чон Се Гюн екіжақты байланыстың стратегиялық сипатта дамып келе жатқанына тоқталып, «Қазақстан-2050» стратегиясының мақсаттарына жету жолында Корея Қазақстанға серіктес болуға дайын екенін атап өтті.

Бұдан бөлек, Ұлттық Ассамблея спикері өткен ғасырдың 30-жылдарында Қазақстанға жер аударылған этникалық кәрістерге көмек қолын созып, қолдау көрсеткені үшін еліміздің халқына алғыс білдірді.

Сонымен қатар, Чон Се Гюн Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің спикері Н.Нығматулинмен кездесіп, екі ел парламенттері арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанын айтты.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети