Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Назарбаев Қостанайдағы кондитерлік фабрикада болды

23 Қыркүйек 2016, 14:42
11
© akorda.kz
© akorda.kz

Назарбаев Қостанайдағы кондитерлік фабрикасында болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы кондитерлік фабрикадағы бисквит цехы өндірісінің жұмысымен танысты. Сондай-ақ, кәсіпорынның басымдығы бар жобалары мен дайын өнім үлгілері Елбасы назарына ұсынылды.

Бұған қоса, Қазақстан Президенті тамақ өнеркәсібі мен өңдеу өнеркәсібі өнімдері көрмесінің экспозициясын аралап көрді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы өңірдегі ірі кәсіпорындар шығаратын электромобиль үлгілерімен танысты. Олар "Астана ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі кезінде көпшілік назарына ұсынылатын болады.

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен және өткізумен айналысатын аграрлық кәсіпорын қызметімен, сондай-ақ егін алқабының жай-күйімен танысты.

Қазақстан Президентіне Қостанай облысындағы астық жинау науқаны мен агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндалды.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласы еңбеккерлерімен әңгімелесті.

"Қостанай  облысы ауыл шаруашылығы тауарын ең көп көлемде шығаратын өңір болып саналады. Мемлекет ауыл шаруашылығына қолдау көрсетуін жалғастыра береді. Осы саланы ғылымның қазіргі заманғы жетістіктерін ескеріп, озық шетелдік тәжірибені зерделей отырып жетілдіру қажет. Бұл ауыл шаруашылығын сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді", - деді Мемлекет басшысы.      

Аграрлық сала еңбеккерлері Қазақстан Президентіне өңірге жан-жақты қолдауы және ауыл шаруашылығы саласында жүргізіп отырған тиімді саясаты үшін алғыстарын білдірді.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев жиналғандарға жемісті жұмыс пен зор табыс тіледі. 


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (11)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай