Назарбаев күнделікті таңғы уақытта Астананы аралып шығуға уәде берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев күнделікті таңғы уақытта Астананы аралып шығуға уәде берді © youtube.com

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық әкімдердің қалай жұмыс істеуі керектігі жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық әкімдердің қалай жұмыс істеуі керектігі жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қаланың жақсы мэрі қаланың жақсы мэрі болуы керек. Ол таңғы сағат 5-те тұрып, орынбасарларымен және аппаратпен бірге бүкіл қаланы аралап шығады. Сосын жұмысқа келіп, былай дейді: "Қазір Президент келгенге дейін барлығын тазалап, жуып, ақтап қойыңдар". Енді сен бұл жұмысты істегің келмесе, онда мен EXPO-ға дейін таңертеңгі уақытта қаланы аралып шығып, сосын барып жұмысқа баратын боламын. Бұл барлық қалалар мен облыс орталықтарына қатысты. Қала басшысы қала қожайыны болуы керек, қаланы жақсы көруі керек", - деді Мемлекет басшысы EXPO-2017 көрмесінің дайындығына қатысты жиында.

Еске сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев осыған дейін Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевті Астана көшелеріндегі құрылыс қоқыстары үшін сөккен болатын. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы үгілген плиткаларға қатысты Астана билігін сынға алған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети