Жақсыбековтың кезінде мұндай болған емес - Назарбаев Астанадағы құрылыс қоқыстары туралы

21 Сәуір 2017, 13:33
10
Жақсыбековтың кезінде мұндай болған емес - Назарбаев Астанадағы құрылыс қоқыстары туралы - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевті Астана көшелеріндегі құрылыс қоқыстары үшін сөкті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Үйлерді жаппай салуда - талап барлығына бірдей болуы тиіс. Кейбір үй салушылар өз қоқыстарын да шығармайды. Қаланың барлық жерінде қоқыс, қара (Астана әкімі Әсет Исекешевке бағыттай сөйледі - Авт. сөзі), қоқыс орындары көп болып кеткен. Әділбек Жақсыбековтың кезінде мұндай мүлдем болмаған. Қара, Әсет, құрылыс қалдықтары", - деді Нұрсұлтан Назарбаев суреттерді көрсетіп. 

"Қыстан кейін мұндай мәселелер болып тұрады. Біз қазір заң жүзінде реттеуді қарастырып жатырмыз, себебі өкінішке орай құрылысшылар сыртқа шығарады, шашады, ешкім мұны реттеп жатқан жоқ", - деді әкім Мемлекет басшысының шағымына.  

"Ол міндетті: үй салды, жан-жағын тазалады, сонымен қатар ағаш отырғызуы керек. Ал ол болса жан-жағын жинастырмайды да. Себебі біз оны талап етпейміз. Айыппұл салып, осы үшін жауапкершілікке тарту керек. Сен қоқыс бойынша есеп бердің, ал міне қоқыс жатыр", - деді Назарбаев. 

Айта кетейік, "Астана ЭКСПО-2017" кеңсесінде халықаралық көрмеге дайындық мәселесіне, сондай-ақ, ҚР Президентінің төрағалығымен Астананы дамытуға қатысты мәселелер бойынша жиын өтіп жатыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (10)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай