Назарбаев: Қырғызстан жайлы жаман сөз айтқан емеспін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев: Қырғызстан жайлы жаман сөз айтқан емеспін © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков бастаған қырғыз делегациясы көтерген мәселелерді шешуге толықтай дайын. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков бастаған қырғыз делегациясы көтерген мәселелерді шешуге толықтай дайын. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада Қазақстан мен Қырғызстан президенттерінің ресми кездесуі басталды.

"Сізді күттік және қуанышпен қарсы алып отырмыз. Қазақстан сіз бастаған қырғыз делегациясы көтерген мәселелерді шешуге толықтай дайын. Тәуелсіз ел болғанымызға 26 жыл болды. Жеке өзім осы уақыт бойы Қырғызстан тарапына қатысты жаман сөз айтқан емеспін, жаман қадамдар жасаған емеспін. Біз келеміз, кетеміз, ал екі көршілес ел осыған дейін де өмір сүрді және бізден кейін де өмір сүре береді", - деді Назарбаев Жээнбековке Ақордадағы кездесу барысында.

Қазақстан Президенті әрбір ұрпақтың жауапкершілігі бар екенін айтып өтті - екі ел арасындағы достықты, жақсы қарым-қатынасты сақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізу.

Еске сала кетейік, бүгін, 25 желтоқсанда Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Астанаға ұшып келді. Қырғызстан президентін премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин күтіп алған болатын.

Сондай-ақ, осыған дейін Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтің Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, шекара мәселесі бойынша келіскені жайлы хабарланған болатын.  "Біз барлық жағдай бойынша әңгімелесіп, бір шешімге келдік. Екі елдің үкіметтері желтоқсан айының бойынша бірқатар мәселерді реттеу бойынша жол картасын жасауы қажет. Сонда көптеген мәселе шешіледі, себебі бұл шешілетін мәселелер. Шекара жол картасы жасалғанша ашылады. Екіжақты қарым-қатынастың барлық міндеті мен мәселесі келісілген мерзім ішінде шешіледі" - деген еді Сооранбай Жээнбеков.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети