30 қараша 2017 16:49

Назарбаев Жээнбековпен шекара мәселесі бойынша келісті - Қырғыз БАҚ-тары

ПОДЕЛИТЬСЯ

© gov.kg © gov.kg

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті. Бұл туралы бүгін Минскіде өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы саммиті аясында белгілі болды, - деп хабарлайды 24kg.


Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті. Бұл туралы бүгін Минскіде өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы саммиті аясында белгілі болды, - деп хабарлайды 24kg.

Жалғасы

Екі елдің президенттері екіжақты қарым-қатынастың болашағы жайлы, сондай-ақ, Қырғызстан-Қазақстан шекарасындағы жағдайды реттеуге қатысты мәселелерді талқылады.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев екі елдің шекарасына қатысты мәселенің себебін барлығы білетінін айтты.

"Сондықтан біз мынадай шешімге келдік: екі елдің үкіметі құрастырған жол картасын қарап шықтық. Екі елдің жұмыс тобы осы мәселені талқылап, жол картасына қол қояды", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ол Қазақстан тарапынан да, Қырғызстан тарапынан да шекарада бақылау орнату туралы шешім шығарылғанын айтты.

Сондай-ақ, ЕАЭО-дан үш адам жүкті қарап, өткізіп тұрады. Қытаймен шекарада да осылай тексеріс жүреді.
Нұрсұлтан Назарбаев Сооранбай Жээнбековті Қазақстанға ресми сапармен шақырғанын хабарлады.

"Біз барлық жағдай бойынша әңгімелесіп, бір шешімге келдік. Екі елдің үкіметтері желтоқсан айының бойынша бірқатар мәселерді реттеу бойынша жол картасын жасауы қажет. Сонда көптеген мәселе шешіледі, себебі бұл шешілетін мәселелер. Шекара жол картасы жасалғанша ашылады. Екіжақты қарым-қатынастың барлық міндеті мен мәселесі келісілген мерзім ішінде шешіледі" - деді Сооранбай Жээнбеков.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети